Идрисова Гүлжан Асанқызы 1971 жылы дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары. 1988-1993 жылдары Атырау педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.Идрисова Гүлжан Асанқызы 1993-2000 жылдары Атырау облысы, Балықшы ауданындағы Амангелді орта мектебінде еңбек жолын бастаған. 2000-2007 жж Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы 142 орта мектепте ұстаздық қызмет етті. 2004-2019 жылдар аралығында Азаматтық авиация колледжінде жұмыс жасады. Еңбек өтілі-25 жыл, санаты -жоғары. 2014 жылы «29» тамызда Алматы қаласының білім басқармасы педагог қызметкерлерді аттестаттауда жоғары санатты біліктілікке ұсынған. Гүлжан Асанқызы-жұмысына адал, ұйымдастырушылық қабілеті ерекше, өзіне тапсырылған жұмыстарға жауапкершілікпен қарайды. Мемлекеттік тіл-қазақ тілі мен орыс тілдерін еркін меңгерген және өте сауатты. Аударма қызметтерімен де айналысады. Білім беру мекемелерінде жұмыс жасай жүріп, ғылыми- шығармашылық мақалалар жазды. Соңғы жылдарда Республикалық «Педагог» ғылыми-әдістемелік журналға отбасы тәрбиесіне байланысты «Тәрбие-тал бесіктен басталады» мақаласы, АҚ Азаматтық авиация академиясы профессор-оқытушылық құрамының ғылыми еңбектерінің жинағына тілді үйретуге байланысты «Мемлекеттік тілді үйренуді ойын арқылы оқыту технологиясын қолдану», Украинада өткен «Актуальные научные исследования в современном мире» ғылыми-тәжірибелік интернет-конференциясына «Инновациялық педагогикалық технологиялар» мақаласын жариялаған. «Болашаққа бастар жол- Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында студенттер арасында өткен сайысқа жетекшілік еткені үшін Нархоз университетінің экономика колледжінің Алғыс хатымен марапатталған.Өзі қызмет еткен авиация колледжінің және Азаматтық Авиация Академиясының ректорынан жас ұрпақты тәрбиелеуде еткен еңбегі үшін көптеген мақтау қағаздарымен марапатталған.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

пед.институт
Жоғары
1993
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0